Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанның жаңа көлік министрі тағайындалды

Еліміздің жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

“Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін парламент мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында көлік министрі лауазымына Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілген еді.