Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Алматыдағы көшелердің бірі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 26 маусымда Almaty_Joly Telegram-арнасы мәлімдеді.

“26 маусым күні сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады”,- деп мәлімдеді ведомство.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылатындығы атап өтілді.

“Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз”,- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматы тауларында жеке тұрғын үй өртенгендігі хабарланған болатын.