Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды”, — деп хабарлады Ақорда..

Руслан Жақсылықов 1966 жылдың 4 наурызында Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Ол Қазақстанның қорғаныс министрі қызметін 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап атқарды.