Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Қосшы

Дариға Бадықова мен Олжас Абай той жасап жатыр ма: желіде суреттер тарады

Дариға Бадықова мен Олжас Абай той жасап жатыр ма: желіде суреттер тарады
фото: instagram

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың тойына ұқсас шарадан түсірілген суреттер тарады, деп жазады Kursiv.Media. Желі қолданушылары екі өнер иесі шаңырақ көтергелі жатыр ма деген сауал қойып жатыр. Алайда олардың үйленетіні туралы ресми ақпарат жоқ.

Threads желісінде жарияланған суреттердің бірінде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың фотосы бейнеленген. Оның жоғарғы жағында «Олжас Абай & Дариға Бадықова» және «Бақытты болыңыздар» деген жазу бар.

Сондай-ақ желіде «O&D» деген белгісі бар ондаған тойбастар сыйлығының суреттері жарияланды. Бұл кадрлар желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Алайда бұл суреттердің нақты қандай шараға байланысты түсірілгені белгісіз. Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың той өткізгені немесе некеге тұрғаны ресми түрде расталған жоқ.

Дереккөз: Курсив · Рауан Мутаир