Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

“Камераға ортаншы саусағын көрсеткен”: Алматы облысында жүргізуші жазаланды

“Камераға ортаншы саусағын көрсеткен”: Алматы облысында жүргізуші жазаланды

Алматы облысында камераға әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының мониторингі кезінде барысында Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 140-шақырымында көлікте отырып бұзақылық жасаған жүргізушіні анықтады.

Бейнежазбадан Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі камераға жақындаған сәтте әдепсіз қимыл көрсеткені көрінеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер көліктің орналасқан жерін анықтап, жүргізушіні тоқтатты. Оның жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар тексеру кезінде жүргізушінің бейнебақылау камерасына жақындаған сәтте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қасақана жасырғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау және құқық бұзушыны жауаптылыққа тарту үшін сотқа жолданды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай