Алматыда "Трицикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр – бір рейдтің өзінде 60-қа жуық ереже бұзушылық анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, кезекті рейд Алатау ауданындағы Орталық киім-кешек базары маңында өтті. Полиция үш дөңгелекті көліктердің тіркелуін, қажетті құжаттар мен жүргізуші куәлігінің болуын және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тексерді.
"Бір рейд барысында 60-қа жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Полиция жүргізуші куәлігін ешқашан алмаған адамдардың мұндай көліктерді басқаруына ерекше назар аударуда", – дейді ПД өкілдері.
Полиция үш дөңгелекті көлік тиісті тәртіппен тіркеліп, ал жүргізушінің оны басқаруға заңды құқығы болуы қажет екенін еске салады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



