Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғұмар Серғазинді Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 1 қазанда Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Білімі:

  • Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);
  • АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы "электроэнергетика" (2020ж.);

Еңбек өтілі:

"Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);

"БТА Банк" АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);

ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).

Ғұмар Серғазин бұл қызметті 2025 жылғы сәуірден бері атқарған.

2026 жылғы 30 қыркүйекте Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Айбек Қосуақовтың мемлекеттік қызметке қайта оралып, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина