Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

“Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қайтыс болды”: ақпаратқа қатысты құзырлы орган пікір білдірді

“Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қайтыс болды”: ақпаратқа қатысты құзырлы орган пікір білдірді

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпаратты бұрмалап тарату әрекетін тіркеді.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі Орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес, әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырады", – делінген хабарламада.

Каспийдегі қайғылы оқиға


Больше по этой теме

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай