Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күнге жабылады: себебі белгілі болды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күнге жабылады: себебі белгілі болды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күн жұмыс істемейді. Бұған Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты мерекелік демалыс себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады:

"ҚХР-да Қытай Халық Республикасының құрылған күні атап өтілуіне байланысты 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды".

Ведомство Қазақстан–Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

"Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлаған тасымалдаушылар мен азаматтардан маршруттарын жоспарлау кезінде аталған шектеулерді алдын ала ескеруді сұраймыз", – делінген МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Қытайда Күз ортасы мерекесінің атап өтілуіне байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері арқылы адамдарды, көліктер мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылған еді.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина