Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Жетісу облысында қамысты алқап өртеніп жатыр

Жетісу облысында қамысты алқап өртеніп жатыр

Алакөл ауданындағы Бесағаш ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы батпақты жерде қураған қамыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) хабарлағандай, өртті сөндіру жұмыстары жердің батпақты әрі жетуі қиын болуына, сондай-ақ қамыстың қалың өсуіне байланысты қиындап отыр.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы және орман шаруашылығының шамамен 40 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар өртті сөндіруге ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ және "Казавиаорманқорғау" күштерімен тікұшақ тартылды. Әуеден өрт ошақтарына жалпы көлемі 27 тонна болатын 9 рет су төгілді.

"Қазіргі уақытта жердегі бөлімшелер жекелеген ошақтарды сөндіру және аумақты сулау жұмыстарын жалғастыруда. Елдімекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Өскемендегі өрт кезінде 10 адам эвакуацияланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева