Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

Павлодарда тұрғындарды бір ай бойы қорқытып, ақша талап еткен алты адам ұсталды

Павлодарда тұрғындарды бір ай бойы қорқытып, ақша талап еткен алты адам ұсталды

Полицияның мәліметінше, күдіктілер бір ай бойы Павлодар тұрғындарынан ақша бопсалаған. Олар талап етілген қаражатты бермеген жағдайда күш қолданатынын және дене жарақатын салатынын айтып қорқытқан, деп хабарлайды kazinform.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, алты адам ұсталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай