Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Медеу маңында қорқынышты дауыс естіген туристер полиция мен құтқарушыларды шақырды

Медеу маңында қорқынышты дауыс естіген туристер полиция мен құтқарушыларды шақырды

Алматы тауларында серуендеп жүрген жастар аюдың ақырғанына ұқсас дауысты естіп, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі мәліметінше, оқиға Медеу ауданындағы "Медеу" бағытына апаратын №166 соқпақта болған.

"18 бен 23 жас аралығындағы төрт жас таудан түсіп келе жатып, аюдың ақырғанына ұқсас дауысты естіген. Қорыққан олар төмен қарай өздігінен жүруге батылы бармай, көмек сұрады", – деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге аттанды. Олар жастарды тауып, "Медеуге" дейін алып жүрді.

Жастарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін олар қалаға қарай өздігінен жолға шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Бұған дейін Алматы тауларында серуендеген екі турист қыз қар барысын кездестірген еді. Оқиға сәтті аяқталды.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина