Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімі тіркелді

Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімі тіркелді

2026 жылғы 20 қыркүйек күні кешке Петропавл қаласында қайғылы жол апаты орын алды. 38 жастағы жаяу жүргінші қаза болып, 41 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news сайтының жазуынша, сағат 23:15
шамасында Назарбаев көшесінде Yamaha мотоциклін басқарған 41 жастағы жүргізуші
жолды кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға
орнында көз жұмды. Ал мотоцикл жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға
жатқызылды.

"Тексеру барысында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын, соның ішінде
жол-көлік оқиғасына себеп болған жағдайлар мен факторларды анықтау жұмыстарын
жалғастырып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК | СКО (@skopetro)

Көкшетау қаласында да ауыр жол апаты болды. Жолда
маршруттық автобус пен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам
зардап шекті.

Дереккөз: Zakon.kz · Гүлай Ашекова