Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

27 мамырда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы Юлия Стародубцева WTA рейтингінде 55-орында тұр. “Ролан Гаррос” басталғанға дейін ол осы төсеніште 17 матч өткізіп, оның 11-інде жеңіске жеткен.

Париждегі турнирде Юлия былтырғы үшінші айналымнан алған ұпайларын қорғап жатыр және бұл жолдағы алғашқы қадамын сенімді бастады. Бірінші айналымда ол ресейлік Анна Блинкованы (WTA рейтингінде 103-орын) 6:3, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Рыбакина мен Стародубцева арасындағы матч Қазақстан уақытымен сағат 16:00-ге жоспарланған.

Биыл French Open турнирінің жүлде қоры – 61 723 000 еуро. Турнир жеңімпазы 2 800 000 еуро мен рейтингтік 2 000 ұпайға ие болады.