Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда

Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

“Қазақмыс” корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің Қытайға жұмыс сапары қытайлық ірі инжинирингтік және технологиялық компаниялары – ENFI және TCC CNCEC басшыларымен жүргізілген келіссөзбен жалғасты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Кездесудің негізгі тақырыбы Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі, сондай-ақ металлургиялық өндіріс саласына арналған заманауи инженерлік және технологиялық шешімдерді зерттеу болды.

ENFI түсті металлургия саласындағы Қытайдың жетекші инжинирингтік орталықтарының бірі болып табылады және халықаралық MetMining тау-кен-металлургиялық тобының еншілес құрылымына кіреді. Компания Қытайдағы заманауи мыс балқыту кәсіпорындарының 50%-дан астамының жобалау жұмысына қатысқан.

Іссапар бағдарламасының тағы бір тармағы ауқымды өнеркәсіптік және химиялық жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық TCC CNCEC инжинирингтік-құрылыс компаниясымен өткен келіссөз болды.

Кездесу қорытындысында қол жеткізілген келісімдер мен тәжірибе алмасу “Қазақмыс” корпорациясы үшін технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи инженерлік шешімдерді зерделеуге, сондай-ақ өндірістік активтерді жаңғырту және тиімділігін арттыруға бағытталған ықтимал бірлескен жобаларды пысықтауға берік негіз қалыптастырғаны аталып өтті.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
  • Қазақмыс қызметкерлері мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде Қазақмыс қызметкерлері мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде