Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен қашан келетіндігі белгілі болды

Бүгін, 2026 жылғы 25 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жайлы толығырақ мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек:

“27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды”.

Сондай-ақ, атап өтілгендей:

  • 28 мамырда президенттердің қатысуымен — Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
  • 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Еске салсақ, 2026 жылғы 8-9 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барған болатын.