Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жамақаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзірбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады.

“Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 16 мамырдан бастап үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретінін хабарлаған едік.