Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда»:​​​​​​​ Бектенов Өскемендегі жағдай бойынша тапсырма берді (ВИДЕО)

Бектенов «Казцинк» компаниясындағы жағдай бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол үкімет отырысы басталмас бұрын Төтенше жағдайлар және экология министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдап, нәтижелері туралы өзіне баяндауды тапсырды.

«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», – деді премьер.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өскемен қаласындағы зауыт аумағында болған жарылыстан кейін 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Зардап шеккендерді іздеу жұмысы жүріп жатыр.