Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Өскеменде Мақпал Жүнісова отырған автокөлікті полиция қызметкерлері тоқтатты (видео)

Өскеменде полиция қызметкерлері Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова отырған Lexus көлігін тоқтатты. Жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Halyqstan арнасының хабарлауынша, Мақпал Жүнісова бұл оқиға туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

“Өскемен полициясының жігіттері, рақмет. Міне, тұрмыз, қозғала алмай. Айыппұл”, — дейді әнші видеода.

Мақпал Жүнісова көліктен шығып, полицейлерге сәлем бергенін, алайда олар жүргізушіні жібермегенін айтқан.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 3 мамырда Өскемен қаласының Бажов көшесінде полиция қызметкерлері Lexus LX570 көлігін тоқтатқанын мәлім етті.

“Тексеріс барысында көліктің алдыңғы бүйір терезелері күңгірттелгені анықталды. Жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды”, — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз