Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Дауыс

Алматыда 6500 оқушы бейбітшілік символын бейнеледі

Алматыда 6500 оқушы бейбітшілік символын бейнеледі

Акция ұлтаралық келісімді нығайтуға және достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы стадионда “Бірлік – бейбітшілік бесігі” атты патриоттық іс-шара өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Акция аясында Медеу ауданының 6500 оқушысы сап түзеп, бейбітшілік символы көгершінді бейнеледі.

Іс-шара Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтіп, мектеп оқушыларын бір мақсатқа жұмылдырды. Бағдарлама аясында этномәдени бірлестіктер өнер көрсетті.