Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Павлодарда балалар хосписі ашылады

Павлодарда балалар хосписі ашылады

Павлодарда балалар хосписі ашылады. Өңірде паллиативті көмекке мұқтаж жүзге тарта бала бар.

Осыған байланысты ауыр дертке шалдыққан жеткіншектердің ата-аналарынан балалар хосписін ашу жөнінде өтініш түскен. Он төсек-орынға арналған мекемеде түрлі айықпас дертке шалдыққан балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Хосписке бұрынғы №1 қалалық перзентхананың ғимараты берілді. Қазіргі уақытта онда күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға дайындық жүргізілуде. Жобаның басты мақсаты – кішкентай науқастарға барынша жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Мекеме тәулік бойы жұмыс істейді және ата-аналары мен жақын туыстарының келуіне ешқандай шектеу қойылмайды.

Елнұр Рахымжанов, Павлодар облыстық хосписінің басшысы:

– Қазіргі таңда өңірде облыстық балалар ауруханасының жанында ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған небәрі екі-ақ паллиативті төсек-орын бар. Бұл – есепке алынған 94 бала үшін тым аз. Сол себепті паллиативті көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында осындай шешім қабылданды.