Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Абай облысындағы тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды

Абай облысындағы жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жолдардың бірі жабылады.

– Облыстық маңызы бар “Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха” тасжолының 72-87 шақырымында (Шемонаиха қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аумақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады. Сондықтан жүргізушілерді бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін “Дәрмен” мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға шақырды.