Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

“Жасап отырған опасыздығы – деңгейінің төмендігі”: Мөлдір Мұқан өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді

“Жасап отырған опасыздығы - деңгейінің төмендігі”: Мөлдір Мұқан өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді

Продюсер Мөлдір Мұқан жақында ғана өзінің “Шәй үлкен қалада” фильмін қатаң сынаған әнші Бақыт Тұрманға жауап берді.

Оның жауап берген видеосы Titkok желісінде жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ол кісілер үйі түгілі, бізге ас үйінде палау берген емес. Менікі сыйламай-ақ қойсын, бірақ әйгілі Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі, Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді, атын шығарды. Ол күйеуі тапқан табысын үйіне апарды. Сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамақты бала-шағасы жеді. Қайтарғаны сол болғаны ма? Жеген тамағы арам болып кетті ғой. Бір Алланың қалауымен Қайрат Әділгерейді Тұрсынбек Қабатовтың “Әзіл әлемі” театры көтерді дегенге 100% аяғымды көтеріп, “иә” деп айта аламын. Ал оның әйелінің жасап отырған опасыздығы — деңгейінің төмендігі. Өзі білсін әрі қарай. Айтқанымды жеткізе беріңдер”, — деді Мөлдір Мұқан.