Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Бұрқасын мен көктайғақ: 15 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

“Қазгидромет” РМК 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер кұн райының бұзылуына орай еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 20 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.

20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүсік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз