Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Пікір

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған ер адам видеоға түсіп қалды

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған ер адам видеоға түсіп қалды

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен. Ол қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

“Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, — деді полиция.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget