Жамбыл облысында Қаңлы мәдениетіне тән қалашықтан 200-ден аса жәдігер табылды. Қазір археологтар Байзақ ауданындағы Жайлаутөбе қалашығында қазба жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғылыми қызметкерлер қала қорғанының биіктігі 7 метрге дейін жеткенін айтады.
Жайлаутөбе қалашығындағы қазба жұмыстары 3 жыл бұрын басталған. Тарихи орынның ерте орта ғасырға тән екендігі, яғни біздің дәуіріміздің ІІ ғасырындағы қаңлылардың қонысы болғаны анықталды. Содан бері археологтар көптеген жәдігер тауып, халықтың отырықшы болғанын мәлімдеп отыр. "Тіпті олар Талас өзенен су алып, мал мен егіншілікке пайдаланған дейді", — ғалымдар. Соған сай қамалдан қыш ыдыстар мен дән үккіштің бірнеше түрі табылған.
Ескендір Торбеков, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының ғылыми қызметкері:
- Қаңлыларда көшпенділер де, жартылай көшпелі және отырықшы халық та болды. Міне, солар егіншілікпен және қолөнермен айналысқан. Мына тұстағы салынған ескі су арналары мен табылған жәдігерлерден осыны байқауға болады. Жалпы Қаңлы мәдениеті осы аумақта біздің заманымызға дейін ІІ ғасырдан, біздің заманымыздың IV ғасырына дейін сақталды. Сондықтан табылған жәдігерлер біз үшін өте құнды.
Көне қалашықтағы археологиялық зерттеу жұмыстарын Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар көне шаһардың аумағы 5 гектарға жеткен деген болжам айтуда. Ал қала сырты, биіктігі 7 метр, қалыңдығы 5 мертлік қос қабатты қорғанмен қоршалған, — дейді.
Мерей Бает, тілші:
- Екі қабатты қорғанның қазба жұмыстары кезінде жоғарғы бөлігінен екі бөлме анықталған. Ғалымдардың айтуынша, бұл жауынгерлердің күзетуі үшін салынған бөлме болуы мүмкін. Сонынмен қоса осы бөлменің ортасынан жылынуға арналған ошақ пен мына бір бөлігінде ас әзірлеуге арналған пештің орны да табылып отыр.
Қалада өмір сүрген адамдар тазалыққа аса мән берген, — дейді археологтар. Себебі қамалдың бір бөлігінің өзінен үш қоқыс тастайтын орын анықтаған.
Қуаныш Арынов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- Өздерінің дүниелерін шашпаған. Қоқыс үйіндісі дейміз. Кемі ауданы 1-1,5 метр барады. Тереңдігі 2-3 метрге дейін жетеді. Жаңа көрген алдарыңыздағы енді ашылып жатқан қоқыс шұңқыры дейміз. Ол кездегі көп дүниелер табылып жатыр. Ыдыстар, өздерінің күлдерін тастайды. Өңделген сүйектер содан шықты.
Қабырғаны жамбас сүйекті өңдеп оны қырғыш ретінде пайдаланған. Ол әбден қолданыста болғаны көрініп тұр.
Қорғанмен қоса қала маңынан 203 қорым табылған. Сүйекке жасалған сараптама нәтижесінде олардың сол дәуірде өмір сүргені белгілі болды. Жалпы қалашықтағы қазба жұмыстары бір апта ішінде аяқталмақ. Ғалымдар одан әрі табылған құнды заттарды зерделеумен айналысады.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байділдә