Тегін медициналық көмек тек Қазақстан азаматтарына ғана емес, сондай-ақ қандастарға , шетел азаматтарына, босқындарға және Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға да қолжетімді.
Биыл Қазақстан кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызмет көрсетуге 1,63 триллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат ел аумағында тұратын барлық адамдарға, олардың медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, тегін көмек көрсетуге бағытталады. Caravan.kz медиа порталы жалғастырады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, тегін медициналық көмек тек Қазақстан азаматтарына ғана емес, сондай-ақ қандастарға, шетел азаматтарына, босқындарға және Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға да қолжетімді.
2025 жылға арналған денсаулық сақтау жүйесінің жалпы қаржыландыру көлемі 2,96 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде 1,63 триллион теңге кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде, ал 1,33 триллион теңге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы бөлінеді.
ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Сәркенованың айтуынша, көпшілік поликлиникада тіркеуде болмаған немесе сақтандырылмаған адамға көмек көрсетілмейді деп қате түсінеді. Алайда кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті кез келген адамға қолжетімді көптеген тегін медициналық қызметтерді қамтиды.
Атап айтқанда, бұл пакетке мыналар кіреді:
— жедел медициналық көмек, оның ішінде жедел жәрдем мен санитариялық авиацияны шақыру;
— патологоанатомиялық диагностика;
— мәйіт донорынан ағзалар мен тіндерді алу үшін оны дайындау;
— туберкулёзбен ауыратын науқастарды медициналық оңалту;
— қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге енген созылмалы аурулары бар пациенттер тегін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жеңілдікпен ала алады.
Осылайша, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие екенін көрсетуде. Ол әр адамға, оның мәртебесі, азаматтығы немесе табысына қарамастан, медициналық көмектің базалық деңгейін қамтамасыз етеді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында тәуекелдер артып отырған қазіргі жағдайда бұл теңдік пен жүйенің тұрақтылығына бағытталған маңызды қадам.