ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2025 жылы 18 маусымда Жамбыл облысындағы емшара кабинеттерінің қызметін жоспардан тыс тексерудің аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жоспардан тыс тексерулер барысында облыстың 133 жұмыс істеп тұрған емшара кабинетінен 91 нысан өз еркімен дәрігерге дейінгі медициналық қызметін тоқтатты, оның ішінде 33-і медициналық лицензияға дәрігерге дейінгі көмек қосымшасын тапсырды, 58-і рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызметпен айналысты. 37 нысанда тексеру жүргізілді, 3 нысан жұмыс істеп тұр, Департамент тексеруді жалғастыруда және 2 нысанға тексеру жүргізу жоспарлануда", деп хабарлады ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 37 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 46 хаттама жасалды, 10, 2 млн теңгеге айыппұл салынды.
Биылғы жылдың басынан бері Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған медициналық ұйымдарда екі адам қайтыс болғанын естеріңізге сала кетейік. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді.
"ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы мекемелерді тексеру кезінде елеулі бұзушылықтарды, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін лицензиялар мен шарттардың жоқтығын, дәрі-дәрмектерді сақтау қағидаларын сақтамауды анықтады. Өңірде қоғамдық мониторингтік топтар құрылды. Жүргізілген тексерулерден кейін олар медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзатын 133 емшара кабинетін анықтады", делінген хабарламада.
Осыған ұқсас жұмыс Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады.
Жоспардан тыс тексерулер азаматтардың ресми өтініштері, әкімдіктердің, денсаулық сақтау басқармаларының, құқық қорғау органдары тапсырмаларының негізінде ғана жүргізілуі мүмкін екенін ескерткен жөн.
Денсаулық сақтау министрлігі тек лицензияланған медициналық ұйымдарға жүгінуді, персоналдың біліктілігіне және медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуын сұрап-білуі, дәрігерлік бақылаусыз үйде емшараларды жүргізбеуді ұсынады.
Қазақстанда қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталғаны белгілі.