Ғалымдар Khankhuuluu mongoliensis атты жаңа тираннозавр түрін анықтады. Ол шамамен 86 миллион жыл бұрын өмір сүрген және алып тираннозаврлардың, соның ішінде Ти-Рекстың тікелей арғы тегі болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC телеарнасының мәліметінше, бұл жануардың қаңқалары алғаш рет 1970-жылдары Моңғолиядағы Гоби шөлінде табылған. Бастапқыда олар жыртқыш алектозаврға тиесілі деп есептелген. Алайда 2023 жылы Канаданың Калгари университетінің аспиранты бұл табылғандарды қайта зерделеген.

Экспедиция кезінде ол қаңқаларды қайта зерттеуді бастады, себебі мұрын маңындағы ауа қуысы сияқты кейбір ерекшеліктері бұл түрге тән емес екенін байқаған.

"Қайта зерттеу нәтижесінде ғалымдар бұл қаңқалар тираннозавридтердің жаңа түріне тиесілі деген қорытындыға келді", – делінген телеарна хабарламасында.

Khankhuuluu mongoliensis деп аталған бұл жаңа түр 86 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

Бұл жыртқыш — салыстырмалы түрде шағын тираннозавр, оның көлемі ірі жылқымен шамалас: биіктігі шамамен екі метр, салмағы – 750 келі шамасында. Ұзын аяқтары оған жылдам жүгіруге мүмкіндік берген,

Ғалымдардың болжауынша, бұл түр алып тираннозаврлардың, оның ішінде Ти-Рекстың, тікелей арғы атасы болуы мүмкін.

Бұған дейін Жапонияда үш метрлік қанаты бар ерекше құс табылғандығы хабарланған болатын.