Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңға жуық адам еңбек етеді.

Соның ішінде Жамбыл облысында 500-ден астамы осы маңызды салада жұмыс істейді. Олардың күнделікті еңбегі елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші роль атқарады. Себебі бұл сала аса жауапты, күрделі әрі табиғатпен етене тығыз байланысты.

Қайрат Шымыров су саласында 10 жыл бойы еңбек етеді. Жоғарғы оқу орнын гидромелиоративтік жұмыстар инженері мамандығы бойынша бітірген. Бірақ тоқырау жылдары жұмыс таба алмай, әр салада жүруге мәжбүр болған. Тек 30 жылдан соң бала кезгі арманына жетіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Қазір Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына тікелей жауапты қызметкер.

Қайрат Шымыров, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының қызмет басшысы:

- Сушылардың еңбегі мол ғой. Күннің ыстығына қарамай 40 градус күннің ыстығында жүреді. Судың каналдың бәрін реттеп. Біз Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына қыркүйектен бастап көктемгі сәуірге дейін Алатаудан келетін қардың суын жауын шашын суын жинап отырып, 145 млн куб жинаймыз да мынау Жамбыл ауданындағы алқаптарғ асу береміз. Су келгенде олар қуанады. Ол бір менің қуанышым емес ол бүкіл елдің қуанышы. Сондықтан мен өзім ойлаймын жақсы маман ол сушылардың болғаны жақсы.

Ал Ілияс Қазекеев 30 жыл ғұмырын су шаруашылығына арнаған. Салаға маман таппай тоқыраған қиын кезеңде болғанын айтады. Дегенмен министрлік құрылғалы былтыр 7 мың маманның жалақысы орта есеппен 25%-ға өссе, биыл қыркүйектен бастап сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін көтеріледі.

Ілияс Қазекеев, су шаруашылығы саласының ардагері:

- Бұрын Дипломмен ауылға программасы болған. Ол тек қана мұғалім мен дәрігерлерге болған. Қазір су мамандары да қосылып жатыр. Ауылға барса сол көмекті пайдалануға болады. Бірінші подьемный береді, екінші үй салам немесе сатып алам десе төмен пайызбен кредит береді.

Сала мамандарының мәртебесін арттырып, білікті маман даярлау үшін былтыр аймақта «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» ашылды. Мұнда 300-ге жуық студент білім алады. Жаңа оқу жылында тағы осынша талапкер қабылданады. Бәріне білім гранты берілмек.

Ғалия Омарова, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ректорының кеңесшісі:

- Біздің университетімізге грант беріліп отыр. Оның 260-ы су саласы бағытына тікелей қатысты. Бізді бітірген мамандарымызды жаңадан Қазақстанның түпкір-түпкірінен ашылып жатқан су бағыты бойынша колледждерге шақырып жатыр. Одан басқа бассейндік инспекциялар да шақырып жатыр. және ір облыста орналасқан Қазсушар бөлімдерінде филиалдарында жұмысқа шақырып жатыр.

Енді су саласының мамандары да «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алу мүмкіндігіне ие. «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» мамандықтары алғаш басымдық берілген білім беру тізбесіне енді.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә