Кофенің алғашқы кесесін ұйқыдан оянғаннан кейін бір немесе екі сағаттан соң ішкен дұрыс, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап. Ақпаратты сомнолог-дәрігер, эндокринолог Дарья Лебедева айтты.
Кофеинге реакция әр адамда әртүрлі
"Адамдар үш түрлі болады: біреулер кофе ішкен соң сергектік сезінеді, басқалары діріл мен жүрек қағысының жиілеуін байқауы мүмкін, ал енді бірі керісінше, кофе ішкен соң ұйқысы келе бастайды. Бұл айырмашылықтар – кофеиінді ағзада өңдеу жылдамдығына байланысты. Кей адамдар үшін кофе екі сағатта ағзадан шығса, енді біреулерде бұл үрдіс 12 сағатқа дейін созылады. Сондықтан кофеге қатысты кеңестер барлығына бірдей бола алмайды", – дейді дәрігер.
Кофені қашан ішу керек және неден аулақ болу қажет
"Базалық ереже бар – кофені оянған соң бір-екі сағаттан кейін ішкен дұрыс, өйткені дәл осы кезде ағзадағы кортизол деңгейі төмендей бастайды. Ал кешкі сағат 14:00-ден кейін кофе ішуге болмайды, әсіресе ұйқысы бұзылған адамдарға. Тіпті түскі астан кейінгі бір шыны кофе де ұйқы фазасын байқалмай-ақ кейінге ысырып жібереді", – деп түсіндірді дәрігер.
Егер сізде тұрақты ұйқысыздық пен мазасыздық бар болса, кофеден мүлде бас тарту керек. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралған жөн.
Кофеден қорықпау керек, бірақ шектен шықпаңыз
"Кофе – жаман нәрсе емес, егер оны саналы түрде тұтынсаңыз. Ол зейінді арттырады, көңіл күйді жақсартады, физикалық шыдамдылықты күшейтеді. Сондықтан кофені "жау" деп қарастырудың қажеті жоқ. Мәселе кофенің өзінде емес, оны бақылаусыз ішуде. Егер сіз күніне 5-6 шыны кофе ішетін болсаңыз, ол біртіндеп мазасыздық, ұйқысыздық пен бас ауруының көзіне айналуы мүмкін. Егер кофе шаршаған ағза үшін "таянышқа" айналса, оның мөлшерін азайту керек. Хроникалық шаршауды елемей қоймаңыз – ең дұрысы, ұйқыны қалпына келтіру", – деп қорытындылады дәрігер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!