Бұл материалда жаңа Honor 400 смартфонына шолу ұсынамыз.

Қазіргі заманда адам өмірін смартфонсыз елестету мүмкін емес екені белгілі. Ол байланыс құралынан бөлек, өзіне өзге жүздеген функцияны жүктейтін көмекші құралға айналғалы қай заман. Дегенмен, әсіресе сапарға шыққанда сізбен бірге смартфоныңыз да сыналып жатады. Сенімді болмаса, жолда қалдыруы әбден мүмкін. Бұл ретте Honor 400 смартфонын бір емес, бірнеше сапарда сыннан өткізу мүмкіндігі туды. Оның тестіден қаншалықты мүдірмей өткенін осы шолуда баяндаймыз.

Бүгінде бюджеті орта деңгейдегі смартфондар да сапасы жөнінен флагмандардан еш кем түспейді. Есесіне, бағасы қолжетімді. Ал сурет сапасы мен жасанды интеллект элементтері жөнінен тіпті бәсекелестерін басып озатын тұстары да бар. Бұған біз сапар барысында көз жеткіздік.

Фотосурет өнері

Дәл Үндістан астанасы Нью-Делиге аттанар сәтте қолымызға Honor 400 тигені жақсы болды. Үндістан – контрасттар елі. Байлық пен кедейлік, жаңа технологиялар мен ескі дәстүрлер, жоғары мәдениет пен қарабайыр тұрмыс қабысып жатқан ел. Мұндай қарама-қайшылықты таспалау кез-келген объективтен сәтті шыға бермейді. Сол секілді смартфонның камерасы Түркияның Ыстанбұл қаласында да византиялық, Осман империясы кезіндегі тарихи нысандарды таспалауда сынақтан өтті.

Honor 400 АІ функциялары бар 200 мегапиксель негізгі алдыңғы камерамен, 12 мегапиксель кең бұрышты камерамен және 50 мегапиксель портреттік камерамен жабдықталған. AI Super Zoom, AI Portrait Snap және HD Moving Photo функциялары жоғары сапалы фотосурет түсіруге, ал Film Simulation және Harcourt Portrait режимдері кинематографиялық әсер сыйлайды.

Бұл ретте AI Eraser функциясын ерекше атап өтуге болады. Өйткені, сапар кезінде сурет түсіруге арнайы дайындыққа уақыт бола бермейді. Ал кадрға қажет емес объектілер ілініп қалғанда, бұл функция оларды оңай өшіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, смартфонның фотосуретті динамикалық бейнеролике айналдыратын жаңа AI Image to Video функциясы да пайдалы болды. Ол әлеуметтік желідегі контентті әсерлі ете түсуге көмегін береді.

Көзге де, көңілге де жайлы

Сапар, әсіресе экскурсиялар кезінде смартфон экраны мен оның көзге әсері, қозғалыс кезіндегі баланс үлкен рөл ойнайды. Өйткені, ұшақ, пойыз, көлік не жаяу қозғалыс кезінде болсын, біресе жарық, біресе қараңғы кеңістікке өткен кезде де смартфонмен жұмыс істеу оңай емес.

Honor 400 смартфонында бұл қажеттіліктер ескерілген қуантты. 3840 Гц Risk-Free Dimming, Low Blue Light, Dynamic Dimming және Circadian Night Mode сынды Eye Comfort технологиялары көзді шаршатпайды. Сондай-ақ, Ultra Dark Mode функциясы смартфонды қараңғы уақытта қолданғанда экранды күңгірттендіріп, көзді демалдырады. Бұл ретте Motion Sickness Relief функциясын да атап өту керек, ол датчиктер мен визуалды тұрақтандырғыштардың көмегімен қозғалыс кезінде смартфонмен жұмыс істегенде жүректі айнытпайды.

Бұл функциялар Үндістан көшелерін рикшамен (жергілікті үш дөңгелекті транспорт) аралау кезінде және Мәрмәр теңізінде пароммен жүзген уақытта сынақтан сәтті өтті.

Жұмысты жеңілдеткен жасанды интеллект

Журналистер үшін смартфон диктофонның қызметін де алмастырады. Әдетте сұхбат не пікір алғанда журналистер алдымен оны мәтін түрінде жазып, егер басқа тілде болса, оны кейін аударуға мәжбүр болады. Ал Honor 400 дыбыстық сұхбатты бір батырмамен мәтінге айналдырып, екінші батырмамен басқа тілге аударып бере алады. Тек әттеңі, тізімде бар болғаны 11 тіл ғана бар және оның арасында қазақ тілі әзірге жоқ.

Бірақ, соның өзінде біздің жұмысты біршама жеңілдетіп берді. Сынақ нәтижесіне келсек, ұзақтығы 14 минуттық аудиосұхбатты смартфон 1 минут шамасында мәтінге айналдырса, тағы 1,5 минут шамасында оны ағылшын тілінен орыс тіліне аударып берді. Ерекше атап өтер жайт, смартфон сұхбат берушіден 5 метр қашықтықта тұрса да, дыбыс та, оның мәтіні де, аудармасы да сапалы шықты.

Жаңа смартфонда жасанды интеллект, сондай-ақ, мәтін жазуға, дипфейктерді анықтауға да көмектесе алады.

Тәулік бойғы тынымсыз жұмыс

Әдетте бір адамның бір тәуліктегі жұмыс уақыты 8 сағатпен есептелетін болса, сапардағы журналисттің жұмыс күні кемі 15-16 сағатқа созылады. Әлбетте, сізбен бірге смартфоныңыз да тынымсыз еңбек етеді. Ол мұндайда әрі байланыс, әрі іздеу құралы болып, навигатор, фотоаппарат, диктофон және тағы да басқа қызметтерді бір өзі атқарады. Сәйкесінше, батареясы да ұзақ уақыт қызмет етуі қажет.

Бұл жағынан смартфон Ыстанбұлдың тарихи орындарын аралаған кезде бізге өте пайдалы болды. Сапарда серік болған Honor 400 таңертеңнен кешке дейін тынымсыз қолданғанда, әлі де 40 пайыз қуаты қалып, таң қалдырды. Қалай десеңіз, ол сыйымдылығы 6000 мАс кремний-көміртекті аккумулятормен жабдықталған. SuperCharge технологиясына ие оның қуаты 88 Вт.

"Смартфонды құлап зақымдалудан SGS, шаң мен ылғалдан IP66 технологиялары қорғайды" делінген сипаттамада. Дегенмен, оның бұл қасиеттерін бұл жолы сынақтан өткізуден бас тарттық. Дегенмен, Түркияда өткен Honor 400 таныстырылымы аясында смартфонның су астында біршама уақыт болғаннан кейін де жұмыс істеп тұрғанына куә болдық.

HONOR 400 туралы толық ақпаратпен брендтің ресми сайтында танысуға болады.