Мәжіліс депутаттары да еліміздің қатты тұрмыстық қалдықтармен күресте нақты әрі жүйелі қадамдарға бармағанын сынға алды.
Депутаттың айтуынша, әлем 2050 жылға қарай 3,4 миллиард тонна қоқыс мәселесіне тап болғалы тұр, ал Қазақстан бұл үрдістен шет қалмайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Астана ТВ мәліметінше, елдегі қоқыс полигондары күн санап көбейіп, көпқабатты үй көлеміне жеткен. Ресми полигондарға тастау қымбат болғандықтан, кейбір компаниялар қалдықты ел көзінен таса жерлерге төгуде. Бұл – экология мен адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіріп жатқанын ескертті. Қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты нормативтер нақты нарық жағдайына бейімделмеген. Депутат қаржының нақты қайда бағытталғаны бақыланбайтынын сынады.
«РОП жұмысын жүйелендіру проблемасы. Әлі күнге дейін толық шешілмеді. Оған негіз, сала сарапшыларының қазіргі РОП жүйесін әділетсіз және утилизациялық төлемнің жұмсалу тәртібін мүлде жабық деп бағалауы. Оған себеп: салалық министрліктің «Жасыл дамудың» жұмысына қатысты нормативтік актілері. Мәселені шешуге емес. Керісінше, одан әрі күрделендіруге бағытталған деуге болады», — дейді Нартай Сәрсенғалиев.