Биылғы маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді балама болмақ және кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56.6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау алды. Жақында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы арқылы бизнесін алға жылжытып отырған Алматы іргесіндегі зауыттардың жұмысымен таныстық, көрдік. Тек «Өрлеу» ғана емес, «Даму» қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің бизнес-кейстерімен таныстық.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Жандос Нұрғазиновтың айтуынша, мемлекеттік қолдау құралдары кәсіпкерлердің дамуына, жұмыс орындарын ашуына және нарықтағы позициясын нығайтуға сеп болады.

«Бұл өңірлік экономиканың тұрақтылығына және адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», дейді ол.

Біз тоқтаған алғашқы нысан АДСК немесе Алматы жол құрылыс компаниясы. Қазіргі заманғы жабдықтармен жоғары сапалы тротуар плиткаларын, қабырға блоктарын шығарады. Кәсіпорын жылына 1 млрд теңге салық төлейді және қызметкерлердің жоғары жалақысын (300 мың теңгеден астам) мақтан тұтады. Нарықта өзін бөлшек және көтерме тапсырыстардың сенімді жеткізушісі ретінде танытты. Компания барлық жеткізілетін өнімдердің белгіленген мерзімдерге мінсіз сәйкестігіне және жоғары сапасына кепілдік береді. Компания белгіленген мерзімдердің мінсіз сақталуына және жеткізілетін барлық өнімдердің жоғары сапасына кепілдік береді. Кәсіпкерліктің дамуында мемлекеттік қолдаудың маңызы зор.

2020 жылы «Даму» Қоры 4,2 миллион теңге кепілдігімен 25 миллион теңге көлеміндегі айналым қаражаты несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға дейін субсидиялады. Бүгінде компания жергілікті тұтынушыларға жеке тапсырыс бойынша дайындалған жоғары сапалы өнімдерді ұсынады.

Соңғы жылдары «Алматы жол құрылысы» кәсіпорны сату нарығын кеңейтіп, көршілес облыстарға өнім жеткізе бастады, өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Жаңа зауыт ұқсас зауыттардан ерекшеленеді. Жабдықтар Италия мен Германиядан сатып алынды. Бір ауысымда 4 мыңнан астам төсеніш пен 4 шақырымнан астам жол жиегі шығарылады. Шығарылатын өнімнің сапасына назар аударылды.

«АДСК» ЖШС Бас директорының орынбасары Аркен Баратов хабарлағандай, жаңа зауыт 2002 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Зауытты жобалау, жинау және пайдалануға беру үшін ірі еуропалық концерн – «Ammann» өнеркәсіптік тобы тартылды. Зауыттың жобалық қуаты сағатына 120 тонна асфальтты құрайды. Зауыт Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес айына 20 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Баратовтың айтуынша, жобаның өтелімділігі бес жылды құрайды. Алматыда бұған дейін бір ғана асфальт зауыты жұмыс істеген.

Қазір «АДСК» ЖШС асфальт зауытын, оның ішінде сыйымдылығы 1 мың тонна битум қоймасын, 700 тонна минералды ұнтақ қоймасын, 3 мың тонна қиыршық тас қоймасын, мазут қоймасын, электр станциясын қамтиды.

Бас директордың орынбасары Аркен Баратовтың айтуынша, компанияның тарихы Алматы облысы, Алексеевка ауылындағы карьерден қиыршық тас өндіруден басталды. Қазір асфальт зауытында 120 түрлі жол тақтайшалары, бес-алты түрлі жол жиектеріне қолданылатын құрылыс материалдары шығарылады.

Сондай-ақ, Ресейдің «Уралмаш» зауытымен 240 мың долларға карьерді әзірлеу үшін арнайы жабдықтар жеткізу туралы келісімге қол жетті.

Қазір АДСК біраз зауыттардын жұмысын үйлестіріп отырған компаниялар тобына айналып келеді. Компанияға қарасты екі карьер, 5 асфальт зауыты, бір битум зауыты бар. Соңғысы, әзірге Қазақстанда жалғыз. Жұмыс процесі толық автоматтандырылған, битум қоспасы арнайы бағдарлама бойынша дайындалады. Битумға қажет қоспалардың біразы Ресей мен Белорустан келеді.

«Бізде битум мәселесі өте күрделі, толық шешім тапқан жоқ. Ішкі нарықта Каспий битумнан аламыз. Бірақ олар толық көлемде жеткізіп бере алмағандықтан, импортқа тәуелдіміз», дейді Аркен Баратов.

Оның айтуынша, АДСК қазіргі деңгеймен тоқтап қалмайды. Бизнес жобамыз тағы да бірер зауытпен толыққалы тұр.

«Алматы мен айналадағы облыстардың қажеттілігін өз күшімізбен қамтамасыз етсек дейміз. Нарықтың осы сегментінде бізге импорт бәсеке бола алмайды. Енді битум құрамына пайдаланатын кейбір қоспарларды өзімізде шығаруды қолға аламыз», дейді Аркен Баратов.

Мұндағы жұмысшылардың барлығы екі айлық оқудан өткен. Айта кетейік, тапсырыс беруші өнімнің түс палитрасын өзі таңдай алады. Сапа кепілдігі мерзімі 5 жыл. Жеткізушілерді де кездейсоқ таңдаған жоқ — неміс компаниясы құрылыс материалдарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Толық автоматты RK 1500-3 желісі кез келген көлемдегі екі қабатты тақтайшаны шығарады, колор-миксті, яғни көп түсті тақтайшаны шығара алады, жиектерді жасай алады.

Келесі тоқтаған нысан «Qaz Package» ЖШС

2023 жылғы 20 қаңтарда тіркелген. Бұл компания ет, балық, көкөніс және кондитерлік өнімдер сияқты азық-түлік өнімдерін орауға арналған көбіктенген полистиролдан (ВПС) лотоктар өндіруге маманданған, сондай-ақ өз өнімдері үшін пластикалық қақпақтар ұсынады.

Кәсіпорын әртүрлі үлгідегі ет салғыш ыдыс пен тез дайындалатын кеспе табақшаларының 19 түрін шығарады. Өнімдердің алғашқы сынақ партиясы 2024 жылдың қазан айында шығарылды. Жобаның бірегейлігі: сұранысқа ие қаптама өнімдерін жергілікті жерде өндіру арқылы импорттың орнын басу, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірде жұмыспен қамтуды дамытуға ықпал ету, дайын өнімдегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, қазақстандық өндірушілер мен сауда желілері үшін ет салатын ыдыс пен басқа да қаптамаларды қолданатын өнімдердің қолжетімділігін арттыру. «Bank RBK» АҚ арқылы компания инвестицияға 580,5 млн теңге қаржы алса, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 100 млн теңгені айналым қаражатын толықтыру үшін алды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес 21,75% пайыздық мөлшерлеменің 13,75%-ын қор субсидиялайды құрайды. Сондай-ақ компанияға 174,8 млн теңгеге Қор кепілдік те берді.

Бас директор Мұхтар Нұржігітовтың айтуынша, сырт көзге қарапайым зат болса да табақшалардың дайындалу тарихы үлкен логистикалық тізбектен тұрады. Беріге дейін бір рет қолданылатын табақшаларға деген көзқарас оң болмады. Сапасына күмәндана қарайтындар көп болды. Ал қазір мұны қолданбайтындар кем.

Бас директордың айтуынша, мұндай өнім түрінің наны полистирол. Неғұрлым кеңінен қолданылатын полимерлік материалдардың бірі, одан көптеген түрлі бұйымдар дайындалады. Бір рет пайдаланылатын пластикалық ыдыстар біздің нарықта жақында ғана пайда болғанмен сұраныс әртараптандырылып кетті. Бұл табиғи материалдардан жасалған биологиялық ыдыс. Бас директордың айтуынша, полистирол Қытайдан, қызылды-жасылды ұнтақ күйінде жеткізіледі. Арнайы мамандандырылған зертхана оның құрамының тазалығына бата берген соң арнайы автоматтандырылған цехта әртүрлі үлгідегі ыдыстарға айналады.

Мұхтар Нұржігітов айтып өткендей, нарықтың осы сегментінде импорттың үлесі басым. Полистиролдың отаны ретінде танылған Қытай импортымен сапа жағынан бәсекелессе де баға жағынан тіресу қиын болып тұр.

«Нарық күнделікті қолданатын тауарлардың мүмкіндігіне енді назар аударып жатыр. Бұрын өнімнің осы түрінің 100 пайызы импорт болса, қазір 40-50 пайызын отандық өнім өндірушілердің үлесінде. Полистирол шикізатын дайындау мәселесі мемлекеттік деңгейде шешілсе, біздің қамтитын аймағымыздың шекарасы ұлғаяды» дейді Мұхтар Нұржігітов.